Жарнама
Жарнама

Ресми: «Тараздың» бас бапкері қызметінен кетті

26.10.2021, 15:06
«Тараз» алдағы уақытта «Шахтермен» және «Қайсармен» ойнайды.
Жарнама
Жарнама

«Тараздың» бас бапкері Вардан Минасян «Ордабасымен» өткен ойыннан кейін қызметінен кетті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

«Мұндай шешім қабылдау оңай емес. Маған «Тараз» клубында жұмыс істеуге мүмкіндік берген жандарға алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ бізді қолдап, командамен бірге болған барлық адал жанкүйерлерімізге алғысым шексіз. Ең бастысы, ойыншыларымызға алғыс айтқанды жөн көремін. Олар жарады, біздің барлық қиындықтарымызға қарамастан, әрқашан өздерін лайықты түрде ұстады. Барлығыңызды керемет болашақ күтіп тұр, тек дұрыс ойлап, көп жұмыс істеу керек. Баршаңызға сәттілік!» - деді армениялық маман.

Айта кетейік, команданы алдағы ойындарға Сергей Тагиев дайындайтын болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров