Испаниялық "Кадис" "Астананың" 28 жастағы армениялық қорғаушысы Вараздат Ароянмен келісім-шарт жасасқанын жариялады. Қос тарап арасындағы келісім-шарт 2023 жылға дейін есептелген.
Вараздат Ароян "Астана" сапында осы жылдың ақпан айынан бері ойнап жүр. Осы уақыт ішінде ол 12 матч өткізіп, 1 гол соқты, 1 голдық пас берді.
"Ұлттық құраманың соңғы оқу-жаттығу жиынынан кейін Армения құрамасының бас бапкері Хоакин Капаррос менен АҚШ-та немесе Ла Лигада ойнағың келе ме деп сұрады. Мен шынымен де ойнағым келеді деп жауап бердім. Сосын ол маған осыған көмектесемін деді. Бұл ауысымға Капарростың қосқан үлесі өте зор․ Ол арқылы "Кадис" мен туралы ақпарат алды. Осыдан кейін олар маған қоңырау шалып, келісім-шарт ұсынды.
Хоакин Капарросқа және осы ауысым үшін маған көмектескен барлық адамдарға рахмет. Мен "Астана" басшылығына бұл трансфердің болашақ мансабым үшін қаншалықты маңызды екенін түсінгені үшін алғыс айтамын. Клуб менің шешіміме қарсы шықпады, бірақ олар маусымның ортасында команданың негізгі ойыншысынан айырылғысы келмеді.
Қазір менің барлық ойларым "Астанамен" байланысты, өйткені команда чемпиондыққа таласады және бірінші айналымда жеңілген жоқ", - деді қорғаушы бұл трансфер жайлы.
Біздің серіктес: FONBET