Жарнама
Жарнама

Ресми: Ян Вороговский жазда «Беерсхот» клубынан кетеді

26.04.2021, 03:11
Бұл жайлы футболшының өзі хабарлады.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының 24 жастағы қорғаушысы Ян Вороговский маусым соңында бельгиялық "Беерсхот" клубынан кетеді. Мұны клубтың YouTube арнасындағы арнайы шоуда футболшының өзі растады.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында қорғаушының бельгиялық клубпен келісім-шарты аяқталады.

Ян Вороговский "Беерсхотқа" 2019 жылдың маусым айында қосылды. Осы уақыт ішінде ол бельгиялық командада 43 матч өткізіп, 2 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

Вороговский - Алматы футбол мектебінің түлегі. Қазақстанда ол "Ақ-Бұлақ", "Жетісу-Сұңқар", "Қайсар" және "Қайрат" командаларында ойнады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров