Қазақстан чемпионатының 23-турында "Астанадан" (1:3) ұтылған "Жетісу" Премьер-лигада қалу мүмкіндігінен айырылды.
Маусымның аяқталуына үш тур қалғанда талдықорғандық клуб 12-ші орында тұрған командадан 11 ұпайға қалып қойды, сондықтан олар келесі жылы Премьер-лигада ойнай алмайды. "Жетісу" осы маусымда Премьер-лигадан ұшқан алғашқы команда болды.
Келесі маусымда талдықорғандық ұжым Бірінші лигада бақ сынайды. Онда соңғы рет "Жетісу" 2017 жылы ойнаған.
Біздің серіктес: FONBET