"Қайраттың" шабуылшысы Рикардиньо "Селтикке" қарсы өтетін жауапты матч алдында ойымен бөлісті.
"Мен "Селтиктің” өте үлкен клуб екенін білемін, бірақ біз де осындамыз, алаңда 11 ойыншыға 11 ойыншы қарсы шығады. Футболда бәрі болуы мүмкін. Бұл тарихи сәт болмақ. Жеңіске жетсек, ел тарихына енеміз деп ойлаймын. Сондықтан біз үшін бұл өте-өте маңызды. Бұған дейін біз Братиславаның "Слованын” жеңдік, бұл да үлкен жетістік. Ал егер "Селтикті” жеңсек бұл нағыз тарих. Бұл әлдеқайда ірі нәтиже болады.
Мен үшін алғашқы ойын өте ауыр өтті. Сіздер үшін қалай болғанын білмеймін, бірақ мен үшін ол өте қиын кездесу болды, соған қарамастан біз жақсы ойнадық. Мен әртүрлі чемпионаттарда ойнадым, бірақ мына стадион мен Чемпиондар лигасының атмосферасы ең кереметі. Бұл ғажап. Жақсы нәтиже көрсеттік, бірақ бізді әлі алда бір матч күтіп тұр, ал "Селтик" өте мықты команда. Біз өте сақ болып, барымызды салуымыз керек."
Біздің команда өз алаңында өте мықты. Алдағы ойын да өте қиын болатынын білеміз, бірақ бізде жанкүйерлер бар, біз тарихқа енеміз деп сенеміз. Сондықтан үлкен футбол кешін күтіңіздер бәлкім, тосынсый да болар. Билеттердің барлығы сатылып кеткенін естідім. Бұл ерекше түн болмақ."
Біздің серіктес: FONBET