Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Кака Өзбекстанға қарсы өткен соңғы кездесу (4:6) туралы және алдағы Еуропа чемпионаты туралы пікір білдірді.
- Біз әрқашан нәтижені ұмытпай, мәселелерді шешуге тырысамыз. Бүгін команданың екінші таймдағы ойынға деген көзқарасына көңілім толмады. Біз досымыз, әріптесіміз Рауанды сәтсіздікке ұшыраттық, ол өте жақсы қақпашы. Біз Рауанның көңілін қалдырмау үшін қажетті деңгейде ойнамадық. Иә, әрине, жеңіліс жаман нәрсе. Бірақ мен өте жақсы қақпашы мен өте жақсы адамның көңілін қалдырғанымызға ашулымын.
- Неліктен оны қайтадан Игитамен алмастырдыңыз? Бар себеп оның жіберген голдарында ма?
- Өйткені таразы басын теңестіру керек еді. Мен оны кінәлі болғандықтан ауыстырмадым. Бізге есепті қысқарту үшін Игитаны шығару керек болды.
- Бір-екі аптадан кейін Еуропа чемпионатына дайындық басталады. Әлі де шешуді қажет ететін негізгі мәселелер бар ма, әлде сіз бәріне ризасыз ба?
- Мәселелер бар. Бірнеше ойыншылар қалпына келу қажет. Тұрсағұлов пен Лео, тіпті Игитаның өзі қазір бабында емес. Ол іс жүзінде жаттығу жасамайды, тек ойнайды. Енді демалып, 3 қаңтарда толық күшпен ораламыз.
- Тұрсағұлов пен Лео қатарға қосылып үлгере ме?
- Құдай қаласа.
- Эдсон Қазақстанның азаматтығын алатын болды ма?
- Білмеймін.
- Айтқыңыз келмей ме?
- Шынымен, бұл жайында білмеймін. Төлқұжаты болып тұрып, сол сәтте жақсы ойнаса, біз оны шақырамыз.
- 18 желтоқсанда Еуропа чемпионатының тағдыры шешіледі. Турнирдің кейінге шегерілгенін қалайсыз ба?
- Бұл біз үшін тиімді болмақ, өйткені ойыншылар қалпына келіп үлгереді, бірақ спорт пен қоғам үшін жақсы жаңалық емес. Мен жағдайдың жақсарғанын қалаймын және біз сол кезде ғана жоспарлағандай ойнай аламыз.
Біздің серіктес: FONBET