Жарнама
Жарнама

Рикардо Кака: «Бүгін тек жеңіс үшін ойнаймыз»

28.01.2022, 20:24
Матч бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-да басталады.
Жарнама
Жарнама

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака Италиямен болатын матч жайлы пікір білдірді:

- Плей-офф кезеңіне шығу үшін тең ойынның жеткілікті екенін білеміз, бірақ алаңға мұндай оймен шығуға болмайды. Бұл жеңіліс жолындағы алғашқы қадам болып саналады. Біз жеңіс үшін ойнаймыз. Италия құрамасында әрқашан әлемдік деңгейдегі ойыншылар өнер көрсетеді, нәтижеге жету үшін оларды тұсап ұстау керек. Бірақ италиялықтардың да күшті жақтарынан бөлек, әлсіз тұстары бар.

Қарсыластан жақсы ойын күтемін, олар міндетті түрде тәуекелге барады. Өткен екі матчтың соңында Италия құрамасы тең есепке қарамастан, қақпашыны бесінші алаң ойыншысымен алмастырды. Олардың тең нәтиже үшін келмейтіні анық. Енді қарсыластың жеңуден басқа амалы жоқ. Ал біз бұған дайын болуымыз керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров