Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака 2021 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Коста-Рикаға қарсы өткен алғашқы ойын (6:1) жайлы пікір білдірді:
- Біздің команданың жолдастық кездесулердегідей ойын көрсетпегені анық. Бірақ мұнда мүлдем басқа эмоциялар болады және үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Десе де, бұл біз үшін дебют, әлем чемпионатындағы алғашқы ойын - біз эмоцияға сәл төтеп бере алмадық. Бұл жеңіс, біз турнирде ойнау арқылы өсу керек екенін білдік. Екінші кездесуде жақсы ойнаймыз деп сенемін.
Біздің серіктес: FONBET