Жарнама
Жарнама

Рикардо Кака: «Мемлекет өз деңгейінде қолдағанда Қазақстандағы футзал бұдан да танымал болар еді»

08.06.2021, 22:50
Кака өткен маусымға «жақсы» деген баға берді.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» АФК мен Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака Prosports.kz сайтына берген сұхбатында маусымды қорытындылап, елдегі футзал жайлы айтып берді. 

- «Қайрат» пен Қазақстан құрамасы үшін маусым қалай өтті? 10 балдық жүйемен бағаласаңыз.

- Шамамен, жеті ұпайдың төңірегінде. «Қайрат» – жеңімпаз команда. Ал біз Чемпиондар лигасында жартылай финалдан аса алмадық. Сондықтан жетіден жоғары ұпай қоя алмаймын. Құрамаға келер болсақ, тоғыз деген ұпай берер едім. ЕУРО-2022 іріктеуін жеңіліссіз аяқтадық.

- «Қайраттың» Чемпиондар лигасын жеңіп алуына не жетпеді? 

- Бірден ойға келетіні, әрине, Игитаның болмауы. Бірақ бұл жалғыз себеп деуге келмес. «Барселонаны» бұған дейін жеңген едік, бұл жолы ұтылып қалдық. Ойынды зерттеп, қатеден сабақ алдық. 

- Футзалды Қазақстандағы танымал спорт деуге келе ме?

- О, Қазақстанда футзал өте танымал деп ойлаймын. Мемлекет өз деңгейінде қолдағанда бұдан да танымал болар еді. Өйткені нәтиже бар, жағдай жасалған, футзал әлемінде абыройға ие. 

- Отаныңызға қандай көңіл-күймен ораласыз? Не дегенмен, пандемияның салдарынан екі жыл болмадыңыз.

- Иә, екі жылдан бері толыққанды демалыс ала алмадым. Енді демалып, жұмысқа толық күшпен қайта оралуға екі ай уақытым бар. 

- Футзалдан бөлек, былайғы өмірде Қазақстанда дос таба алдыңыз ба?

- Әрине! Үш жылдың ішінде көп адаммен танысып, достасып үлгердім. Көбісінің футзалға еш қатысы жоқ. Өзім жұмыс істейтін елді спорт арқылы емес, күнделікті өмір арқылы танығым келеді. 

- Жақында желіде Қазақстан әнұранын орындаған видеоңыз пайда болды. Қиын болған жоқ па?

- Әрине, қиын болды. Осында үш жыл тұрсам да, қазақ тілін үйрену қиынға соғып жатыр. 

- Қазақстанда сізді таңғалдырған жайттар болды ма?

- Иә, әсіресе көлікті жүргізу мәдениеті. Нақтырақ айтқанда, оның жоқтығы. Қазақстан жолында ең маңыздысы – ешкімді өткізбеу керегін түсіндім. Мұндай ешкімді өткізбей, бір-бірін қысып, кез келген сәтте сигнал басатыны қызық. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров