Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Каканың коронавирусқа қарсы тапсырған сынағы теріс нәтиже көрсеткендіктен, Гронинген қаласындағы команданың орналасқан жеріне келді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
Кешегі жаттығуға Словениямен (4:4) болған матчта аз ойнаған ойыншылар қатысты.
Сондай-ақ Арнольд Кнауб пен жарақат алған Леоның орнын басатын Ерсұлтан Сағындықов та командаға қосылды.
Футзалдан Қазақстан құрамасы келесі кездесуін қаңтардың 24-інен 25-іне қараған түні, Нұр-Сұлтан уақытымен 1:30-да өткізеді. Қарсыласы турнирдің дебютанты Финляндия құрамасы болады.
Біздің серіктес: FONBET