"Жетісудың" бас бапкері Ринат Алюетов Премьер-лиганың екінші турында "Тұранға" (3:0) қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді:
- Барлығын маусымдағы алғашқы жеңіспен құттықтаймын! Команданың бүгінгі ойынға деген көзқарасын ерекше атап өткім келеді, бүгін біз барымызды салып ойнадық, бар күшімізді сарп еттік, бәріне жас команда болғанымызбен, әр кездесуде күресуге дайын екенімізді дәлелдедік.
Мен гол соққан дебютанттарымыз Асхат Балтабеков пен Аслан Әділді, сондай-ақ бүкіл бапкерлер штабын және өзімді Премьер-лигадағы алғашқы кездесулердің бірінде осындай жарқын жеңіске жеткенімізбен құттықтағым келеді. Команданың бүгін соңғы минутқа дейін барын салып ойнағанын атап өткім келеді. Жаттықтырушының нұсқауы мен жоспарлары орындалды. Біз қазақстандық ойыншылармен де ойнауға болатынын көрсеттік!
Біздің серіктес: FONBET