"Жетісудың" бас бапкері Ринат Алюетов Премьер-Лиганың бірінші турында "Қайратпен" болған ойын (0:2) туралы пікір білдірді:
- Мен бәрін чемпионаттың басталуымен құттықтағым келеді. Оның жанкүйерлерсіз басталғаны өкінішті-ақ. Ойынға келетін болсақ, жігіттер матчқа арналған жоспарды орындады, олар барынша тырысты деп айтқым келеді. Негізгі құрамда талдықорғандық футболдың 6 тәрбиеленушісі болды. Біз бұған дейін берген уәдемізді орындаймыз - алдағы уақытта жастарымызды дамытатын боламыз. Негізінде біз белгілі бір уақыттан кейін қиындықтар туындайтынын білдік. Біз "Қайраттан" қарқынды ойын күттік, оның өте жылдам және қарқынды команда екенін білеміз. Бүгін, менің ойымша, орындаушылардың жеке шеберлігі үлкен рөл ойнады. Кездесудің тағдырын дәл осы ойыншылар шешіп кетті.
Біздің серіктес: FONBET