"Әлбетте, бұл дұрыс шешім. Себебі биылғы жылы еуропалық лигаларда сәтсіз маусым болды, матчтардың басым бөлігі көрерменсіз өтті, ал Франция чемпионаты тіптен уақытынан бұрын ерте аяқталды. Алайда кейбір футболшылар бұл шешіммен келіспейді. Олардың бірі әрине Левандовски. Поляк шабуылшысы ағымдағы маусымда керемет өнер көрсетті, онымен қоса "Бавариямен" бірге Бундеслиганы қанжығалады, алда әлі Чемпиондар Лигасынан да үлкен үміт бар. Сондықтан да, Роберт аталмыш жүлдені жеңу жолында Мессимен де, Роналдумен де үлкен бәсекелестік тудыра алатыны сөзсіз еді. Ал Месси мен Роналду үшін бұл олардың мансабындағы соңғы жылдарында "Алтын Доп" санын көбейту мүмкіндігінен айырылу болып саналады. Бірақ қалай болғанда да дұрыс шешім қабылданды"- деді "Барселонаның" бұрынғы футболшысы Ривалдо Marca басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, "Алтын Доп" жүлдесінің болмауы 1956 жылдан бері болып отырған алғашқы оқиға.
Біздің серіктес: FONBET