Жарнама
Жарнама

Рияд Марез «Манчестер Ситиден» кетуі мүмкін

30.04.2022, 20:42
Футболшыға италиялық клуб көз тігіп отыр.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Рияд Марез жазғы трансферлік кезеңде клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Give me Sport. Дереккөздің айтуынша, клуб басшылығы ойыншыға қатысты ұсыныстарды қарауға дайын.

Бұған дейін Рияд Марездің мансабын А сериясында жалғастыруы мүмкін екені хабарланған еді. «Манчестер Ситидің» вингеріне «Милан» қызығушылық танытуда. Алжирлік жартылай қорғаушының трансфері 40 миллион еуроға бағаланып отыр. Бірақ миландық клуб ойыншының жалақысын төлеуге қиналып отыр. Себебі оның жылдық жалақысы 6 миллион еуроны құрайды екен.

Рияд Марез осы маусымда «Манчестер Сити» үшін барлық жарыстарда 43 ойынға қатысып, 23 гол соқты, 9 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров