Германиялық қорғаушы Роберт Бауэрдің неліктен Қазақстан құрамасында ойнаудан бас тартқаны белгілі болды. Футболшы осыған дейін ҚФФ-мен келіссөз жүргізген еді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz тілшісі.
26 жастағы футболшының өкілдері азаматтығын ауыстыру үшін бір миллион еуро сұраған. Ал федерация өкілдері ойыншылар ұлттық құрамада ақша үшін өнер көрсетпеу керек деп есептеп, келіссөздерді тоқтатқан.
Роберт Германияға 1994 жылы көшіп барған қазақстандық эмигранттардың отбасында дүниеге келген. 2015 жылы оны бір рет құрамаға шақырған. Ол кезде футболшы ұсыныстан бас тартқан еді.
Біздің серіктес: FONBET