Мюнхендік «Бавария» мен Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски жақын арада «Барселонаға» ауысады, деп жазады журналист Николо Скира өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Дереккөздің хабарлауынша, поляк футболшысы каталондық клубтың 2025 жылға дейін есептелген келісім-шартын қабыл алған. Енді «Барселона» трансферді аяқтау үшін «Бавариямен» нақты мәмілеге келуі тиіс.
Еске салайық, Левандовски «Баварияға» 2014 жылы дортмундтық «Боруссиядан» ауысқан болатын. 33 жастағы шабуылшының мюнхендік клубпен келісім-шарты 2023 жылдың жазында аяқталады. Левандовски осы маусымда Бундеслигада 34 ойынға қатысып, 35 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET