Роберт Левандовски «Бавариядан» кететінін мәлімдеді

31.05.2022, 00:38
Поляк шабуылшысы мансабын Испанияда жалғастырады.

Мюнхендік «Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовски командадан кеткісі келетінін айтты.

«Менің «Бавариядағы» мансабым өз мәресіне жетті. Трансфер барлығы үшін ең жақсы шешім болады. Мен енді бұл клубта ойнаймын деп ойламаймын.

«Бавария» - керемет клуб. Олар мені командада ұстап қалмайды деген үміттемін, мен бұдан былай ол жерде ойнағым келмейді», - деді Левандовски

Поляк шабуылшысының «Бавариямен» келісім-шарты 2023 жылы аяқталады. Роберт өткен маусымда 46 ойында 50 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.

Қазір Левандовскиге басты үміткер «Барселона» болып табылады. Белгілі инсайдерлер футболшының каталониялық клубпен үш жылдық келісім-шартқа отыратынын хабарлады.