Жарнама
Жарнама

Роберт Левандовски Бундеслига рекордын орнатты

14.08.2021, 14:55
Кеше Роберт «Бавария» сапындағы 295-ші голын соқты.
Жарнама
Жарнама

Кеше «Бавария» Бундеслига маусымының алғашқы матчында «Боруссия Менхенгладбахпен» кездесті. «Боруссия-Парк» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды

Ойынның 10-минутында Алассан Плеа есеп ашып еді. Бірінші таймның соңында «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски таразы басын теңестірді.

Бұл 32 жастағы поляк шабуылшысының «Бавария» жейдесіндегі 295-ші голы болды. Ол кеше клуб үшін 330-шы кездесуін өткізді.

Сондай-ақ Роберт қатарынан жетінші маусымда Германия чемпионатының 1-турында гол соқты. Бұл турнирдегі рекорд болып табылады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров