Жарнама
Жарнама

Роберт Левандовски Чемпиондар лигасындағы бірнеше рекордты қайталады

09.03.2022, 15:12
Футболшы кешегі матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Жарнама
Жарнама

«Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовка Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жылдам хет-триктердің бірін жасады, деп хабарлайды Squawka порталы.

Поляк шабуылшысына хет-трик жасау үшін 11 минут (бірінші және үшінші голдар арасындағы уақыт) қажет болды. Бұл көрсеткіш жағынан ол тек Майк Ньюелл (9 минут) пен Бафетимби Гомистен (8 минут) артта қалып отыр.

Сондай-ақ Левандовски Чемпиондар лигасының бір маусымында екі немесе одан да көп хет-трик жасаған бесінші ойыншы ретінде тіркелді, деп хабарлайды УЕФА ресми сайты.

Бұған дейін мұндай нәтижеге Криштиану Роналду (2015/16, 2016/17); Лионель Месси (2011/12, 2016/17); Луис Адриано (2014/15) және Марио Гомес (2011/12) қол жеткізген болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров