«Бавария» Германия чемпионатының 12-ші турында «Аугсбургтен» жеңіліп қалды (1:2). Мюнхендік команда сапында шабуылшы Роберт Левандовски мергендігімен көзге түсті.
33 жастағы ойыншы сырт алаңда «Аугсбург» қақпасына өзінің мансабындағы 11-ші голын соқты. Ол Бундеслигада бір клубқа қарсы сырт алаңдағы матчтарда дәл осыншама гол соққан шабуылшы Герд Мюллердің рекордын қайталады. Аты аңызға айналған футболшы «Шальке» қақпасынан 11 мәрте саңылау тапқан болатын.
Одан бөлек, кеше қорғаушы Альфонсо Дэвис (100 ойын) пен Томас Мюллер (600 ойын) мюнхендік клубтағы мерейтойлы матчтарын өткізді. Неміс футболшысы «Бавария» тарихында ең көп ойын өткізген футболшы атанды.
Біздің серіктес: FONBET