Жарнама
Жарнама

Роберт Левандовски «Манчестер Юнайтед» сапына ауысуға келісім берді

28.12.2012, 05:27
Жарнама
Жарнама
Польша ұлттық құрамасы мен дортмундық «Боруссияның» шабуылшысы Роберт Левандовски қызыл сойқандардың сапына ауысуға өз келісімін берді. Футболшының трансферлік құны 22 млн еуроға бағаланса, өзі жылына 5 млн еуро айлық алып тұратын болыпты. Қысқы демалыс уақытында қарлы Германиядан тұманды альбионда поляк вундеркинді Руни және оның командасымен иық тіресіп доп теуіп жүрсе, таң қалудың реті жоқ. Тек Сер Алекс Фергюсон командасында шабуыл шебінде ойнатын футболшылар көбейіп кеткені. Демек, алдыңғы шепте ойнайтын Руни, Ван Перси, Эрнандес сынды сен тұр мен атайын деп тұрған жігіттердің арасында алаңда доп тебу мәртебесіне ие болу үшін үлкен бәсекеге болары анық.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров