Жарнама
Жарнама

Роберт Левандовски мансабын Англияда жалғастыруы ықтимал

11.07.2022, 16:01
«Барселонаның» «Бавариямен» жүргізген келіссөздері сәтсіз өрбуде.
Жарнама
Жарнама

«Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовски «Челсиге» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Daily Star.

Дереккөздің келтірген мәліметіне сенсек, футболшы «Барселона» мен «Бавария» арасындағы келіссөздер сәтсіз аяқталса, лондондық клубқа ауысатын болады.

Қазіргі уақытта поляк шабуылшысы мансабын «Барселонада» жалғастырғысы келеді, бірақ каталондық клубтың қаржылық тұрақсыздығына байланысты жағдай шиеленісіп тұр. Оның үстіне, «Барселона» «Лидс» шабуылшысы Рафиньяны сатып алу үшін 75 миллион еуро жұмсамақ және Усман Дембелеге жаңа келісім-шарт ұсынуды көздеп отыр. Сондай-ақ клуб қоржынына мол қаржы әкеледі деген Френки де Йонг «Манчестер Юнайтедке» ауысудан бас тартты.

Рафиньядан айырылып қалған «Челси» Ромелу Лукакуды алмастыру үшін Роберт Левандовскиді қатарға қосуы мүмкін. Бұған дейін поляк шабуылшысы «Бавариядан» кеткісі келетінін ашық айтқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров