Жарнама
Жарнама

Роберт Левандовски Месси мен Роналдудың рекордын жаңартты

03.11.2021, 14:55
Поляк шабуылшысы кеше хет-трик жасап, Чемпиондар лигасындағы 80-ші голын соқты.
Жарнама
Жарнама

«Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски Чемпиондар лигасындағы 80-ші голын соқты, деп хабарлайды УЕФА өзінің Twitter парақшасында.

Левандовски «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду мен «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Лионель Мессидің рееордын жаңартты. Оған Чемпиондар лигасында 80 гол соғу үшін 100 матч қажет болды. Месси аталмыш көрсеткішке 102 ойында жетсе, Роналдуға 116 ойын қажет болған.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің төртінші турындағы матчта «Бавария» «Бенфиканы» 5:2 есебімен жеңген болатын. Поляк шабуылшысы бұл ойында хет-трик жасады.

«Бавария» 4 ойында 12 ұпай жинап, E тобында көш бастап тұр. Ал «Бенфика» (4 ұпай) үшінші орынға табан тіреді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров