«Бавария» және Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски France Football нұсқасы бойынша жылдың үздік шабуылшысы атанды.
Бұл марапатты француз басылымы алғаш рет табыстап отыр. Ол бір күнтізбелік жылда клуб пен ұлттық құрама үшін ең көп гол соққан ойыншыға беріледі. 2021 жылы Левандовски «Бавария» мен Польша құрамасы үшін 64 гол соқты.
«Мен әрқашан гол соққым келеді, өйткені бұл футболдағы нәтиженің кілті болып табылады. Командаластарыма алғыс айтуым керек, оларсыз менің жетістікке жетуім мүмкін емес еді. Барлығының арасында үйлесімділік болса, маған гол соғу оңайырақ болады. Мен отбасыма қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді», - деді Левандовски.
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымның соңында Левандовски Еуропадағы ұлттық чемпионаттардың үздік сұрмергені атанып (Бундеслиганың 29 матчында 41 гол), «Алтын бутсы» жүлдесін жеңіп алған болатын.
33 жастағы футболшы осы маусымда «Бавария» жейдечснде 20 ойынға қатысып, 25 гол мен 2 нәтижелі пасты өз атына жазды.
Біздің серіктес: FONBET