Петерборлық “Зенит” өз қорғаушысын Бразилия чемпионаты ұжымына жалға берді.
Ресейлік ұжым 21 жастағы қорғаушыны “Васко Да Гама” клубына 2025/26 жылғы маусым аяқталғанша, жалға жіберіп отыр. “Зенит” жылдағы дәстүріне сәйкес, Ренанды бір жылға басқа командаға беруде.
Мәселен, 2023/24 жылғы маусымда Роберт “Зениттен” “Интернасьоналға” 2 млн еуроға жалға берілді. Одан кейін, алдыңғы маусымда бразилиялық құнына 1 млн еуро қосып, “Аль-Шабабқа” барып қайтты.
Енді міне, тағы бір жыл өтіп “Интернасьоналдан” келген Роберт қайтадан өз отанына оралмақ.
Жалпы 21 жастағы орталық қорғаушы “Зенит” сапында 18 матч өткізіп үлгерді.
Айтпақшы, Ренан бастапқы құрамдағы орынға күресте отандасымыз Нұралы Әліпке есе жіберген. Қос қорғаушыны таңдау еркі бұйырғанда бапкер Сергей Семак қазақстандыққа көп сенім артатынын жеткізген болатын.
Біздің серіктес: FONBET