Жарнама
Жарнама

Роберто Манчини англиялық клубты тізгіндеуі мүмкін

30.04.2022, 22:07
Манчини жақын арада Италия құрамасынан кетуі мүмкін.
Жарнама
Жарнама

Италия құрамасының бас бапкері Роберто Манчини мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Daily Mail.

Дереккөздің мәліметінше, италиялық маман Антонио Контенің орнына «Тоттенхэм Хотспурды» жаттықтыруы мүмкін. Сондай-ақ лондондық клуб «Брайтон» менеджері Грэм Поттерге қыщығушылық танытуда.

Конте маусым соңында «Пари Сен-Жерменнің» бас бапкері Маурисио Почеттиноны алмастыруы мүмкін. Италиялық маман париждік клубқа өз талаптарын қойып, алғысы келетін жалақы мөлшерін айтқан.

Еске салайық, Манчини бұған дейін де Премьер-лигада жұмыс істеген. Нақтырақ айтсақ, ол 2009-2013 жылдар аралығында маман «Манчестер Ситиді» баптады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров