Жарнама
Жарнама

Робиньо түрмеден сұхбат берді: “Жыл жарым уақыт ішінде ешкіммен ұрыспадым, тәртіп бұзған жоқпын”

30.10.2025, 14:23

Бір кездері "Болашақ Пеле" атанып, Бразилия футболының жарық жұлдызы болған Робиньо бүгінде түрмеде жазасын өтеп жатыр. Ол 2013 жылы Италияның Милан қаласында жасалған жыныстық зорлық ісі бойынша айыпталып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Жарнама
Жарнама

Италия сотының шешімін кейіннен Бразилия билігі де мойындап, футболшы 2024 жылдың көктемінде Сан-Паулудағы Tremembé P2 деп аталатын түрмеге қамалған еді. Бұл мекеме елдегі танымал тұлғалар ұсталып отырған орын ретінде белгілі.

Бүгінге дейін түрмеде отырғанына бір жарым жыл болған экс-футболшы туралы түрлі сыбыс тараған. Бір деректерде оның депрессияға ұшырап, дәрі ішіп жүргені, енді бірінде қылмыстық топтың “лидері” атанғаны жайлы айтылған.

Алайда 41 жастағы Робиньо бұл қауесеттердің барлығын жоққа шығарды:

"Мен мұнда өзімді өзгелерден артық санамаймын. Барлық тұтқындармен бірдей тәртіпке бағынамын, бірдей ас ішемін. Ешқандай ерекше жағдай жасалған жоқ. Бәріміз жұмыс істейміз. Ал жексенбі күндері жұмыс аз болса, бізге футбол ойнауға рұқсат беріледі.” – деді ол.

Сондай-ақ ол өзінің психологиялық тұрғыдан мықты екенін айтып өтті:

"Құдайдың қалауымен мен депрессияға түскен жоқпын. Ешқандай дәрі қабылдамаймын. Өзімді сергек сезінемін және басқа тұтқындар секілді өмір сүріп жатырмын. Мен мұнда “лидер” емеспін, түрмеде тек күзетшілер мен тәртіп сақшылары басшылық етеді, біз солардың айтқанын орындаймыз." – деді Робиньо.

Футболшының айтуынша, ол түрмеде ешқандай жанжалға қатыспаған және ерекше артықшылықтарға ие емес.

"Жыл жарым уақыт ішінде ешкіммен ұрыспадым, тәртіп бұзған жоқпын. Демалыс күндері отбасы мүшелерім келеді — жұбайым мен балаларыммен кездесемін. Бұл да өзгелермен бірдей шартта өтеді.” – деп түйіндеді ол.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров