Жарнама
Жарнама

Родриго “Реалдан” “Барселонаға” ауысуы мүмкін. Каталондықтар ойыншымен байланысқа шықты

20.07.2025, 11:30

"Барселона" "Реал Мадридтің" вингері Родригоға қызығушылық танытуда, деп хабарлайды UOL.

Жарнама
Жарнама

Басылымның мәліметінше, Каталондық клуб Родригоның өкілдерімен байланысқа шығып, өз қызығушылығын білдірген. Қазіргі уақытта ресми келіссөздер басталмағанымен, "Барса" алдағы уақытта бұны жасауға дайын. Бұған дейін Родриго "Реалдан” кетуі мүмкін екені және оған АПЛ клубтарының да қызығушылық танытып жатқаны хабарланған еді.

Өткен маусымда Родриго барлық турнирлерде 54 матчқа қатысып, 14 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген.

Оның "Реалмен" жасасқан келісім шарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды.

Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтағы құны 90 миллион еуро.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров