Қазақстан премьер лигасының тарихындағы ең үздік легионерлердің бірі, Колумбиялық жартылай қорғаушы Роджер Каньяс кәсіби мансабын аяқтайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Каньяс Қазақстандық жанкүйерлердің есінде нағыз кәсібилігімен және еңбекқорлығымен қалды. Оның еліміздегі көрсеткіштері мынадай:
220 ойын, 25 гол, 17 нәтижелі пас, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы.
Оның мансабы кино желісіне бергісіз оқиғаларға толы болды. 2010 жылы ол Италиялық "Удинезеге” ауысуға жақын болған, бірақ Әлем чемпионатынан кейін легионерлерге қойылған шектеу кесірінен Серия А-ға бара алмай қалды.
2012 жылы Қазақстанға келіп, "Шахтер” (Қарағанды) сапында Еурокубоктарда ерледі. Кейінірек Донецктік "Металургке" ауысқанда, дәрігерлер оның жалғыз бүйректі екенін анықтап, келісімшартты бұзды. Алайда бұл қиындық Роджерді тоқтата алмады — ол "Астанаға” ауысып, клубпен бірге Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған алғашқы Колумбиялық атанды.
Ойнаған клубтары:
"Шахтер” (Қарағанды)
"Астана"
"АПОЭЛ” (Кипр):
"Ордабасы”
"Шахтер” (Солигорск)
"Ертіс" (Павлодар)
Біздің серіктес: FONBET