Жарнама
Жарнама

Рой Кин Абдукодир Хусанов туралы: “Манчестер Ситидің” ТОП-ойыншысы атанарына еш күмәнім жоқ

03.04.2025, 11:55

«Манчестер Юнайтед» клубының аңызы Рой Кин өзбек футболшысы Абдукодир Хусановқа қатысты өзінің пікірін айтты.

Абдукадир Хусанов "Манчестер Сити" жейдесінде
Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, «Манчестер Сити» жейдесін биыл ғана киген Хусанов клубтың негізгі ойыншысына айналып үлгерді.

«Ол өзінің дебюттік кезеңінен тез өтіп кетті. Иә, оңай болған жоқ, жаңа мемлекет, тіл үйрену керек, әріптестеріне үйренісуі керек. Бірақ, менің ойымша, ол бәріне тез бейімделеді.

Оның дебюттік ойындары өте қиын болды, бірақ сол қиындықтарды еңсеріп келеді. Әлі де уақыт керек. Бірақ, Хусанов “Манчестер Ситидің” ТОП-ойыншысы атанарына еш күмәнім жоқ», - деді Рой Кин ITV телеарнасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, 20 жастағы өзбек футболшысы «Манчестер Ситиге» биыл қаңтарда франциялық «Ланстан» ауысты. Оны ағылшындар 40 млн еуроға сатып алды.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров