Дортмундтық «Боруссия» мен Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Марко Ройс «Барселонаға» көшкісі келмейтінін жеткізді.
Екінші Бундеслигаға түсіп қалуға жақын тұрған «Боруссияның» көшбасшы ойыншысы Ройсқа «құда түсіп» жатқандар көп. Испаниялық БАҚ өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, «Барселонаның» басшылығы Марконың агентімен сөйлесіпті.
Ал Ройстың өзі «Барсаға» ауысқысы жоқ. «Шабуылында Лионель Месси, Луис Суарес және Неймар бар команданың мен қай позициясында ойнаймын?», - деді ойыншы.