Ресейлік "Честность - не порок" телеграмм-арнасы кеше Freedom QJ League президенті Рохус Шохтың ҚР Президентінің әкімшілігіне жолдаған құпия құжаты туралы мәлімдеме жасады.
Онда Шох мырза мемлекет басшылығынан ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұловтың қазіргі лауазымды орнынан өз еркімен кетуіне ықпал жасауын сұрағандығы баянадалған.
"Құжаттың № 3 Қосымшасында (соңғы сурет) Шох пен Ко қазіргі ҚФФ басшылығын алмастырудың тәртібін ретімен көрсетуден де тартынбаған:
Бәрменқұлов орнын өз еркімен босатқан соң Рох мырза ҚР Президентінің Әкімшілігіне жоғарыдан ҚФФ мүшелері/сайлаушыларына сөзі жүретін Әкімдіктерге тапсырма беруді ұсынады. Тиісінше Әкімдіктер сол сайлаушыларға ҚФФ президентінің басшылығына жалғыз үміткер ғана бар және соған дауыс беру керек деген секілді позицияны таңдауы тиіс дейтін тапсырма береді. Ал әкімдер өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар арқылы ҚФФ мүшелері / сайлаушыларға осы тектес тапсырманы беруі керек. Қолымыздағы мәліметке сай, жоғарыдан келген тапсырма бойынша барлығының дауыс беруімен ҚФФ Президенті болып қазір Freedom QJ League Қамқорлық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов сайланады",- делінген ресейлік телеграмм-арнасында.
Айта кетейік, Әділет Бәрменқұлов Рохус Шохты «Қазақстанның кәсіби футбол лигасы» Қауымдастығының Президенті лауазымынан алып тастаған болатын. Бұған Шох басқарған лиганың Fonbet-пен заңсыз келісімшартқа отыруының салдарынан туындаған жанжал түрткі болған. Ал осындай заңсыздықтар анықталған соң ҚФФ-ның лиганың үстінен сотқа шағым түсіргені де мәлім.
Біздің серіктес: FONBET