Жарнама
Жарнама

«Рома» мен «Фейеноорд» Конференция лигасының финалына шықты

06.05.2022, 14:25
«Рома» 1991 жылдан бері алғаш рет еурододаның финалына жолдама алды.
Жарнама
Жарнама

Кеше, 5 мамырда Конференция лигасының жартылай финалындағы қарымта ойындар өтті.

«Рома» өз алаңында англиялық «Лестер Ситиді» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз әрі жеңісті голды шабуылшы Тэмми Абрахам соқты. Екі матчтың (1:0, 1:1) қорытындысы бойынша «Рома» Конференция лигасының финалына шықты.

Тағы бір жартылай финалдық кездесуде франциялық «Марсель» мен голландиялық «Фейеноорд» кездесті. Бұл матчта гол соғылмады. Бірақ екі ойынның қорытындысы бойынша (0:0; 3:2) «Фейеноорд» жеңіске жетіп, турнирдің финалына жолдама алды.

Осылайша ақтық сында «Рома» мен «Фейеноорд» кездеседі. Конференция лигасының финалы 25 мамырда Тиранадағы (Албания) «Арена Комбетаре» стадионында өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров