Жарнама
Жарнама

Рома Ювентусты жарыс жолынан шығарды

22.01.2014, 23:01
Жарнама
Жарнама
Италия кубогінің ширек финалында  «А сериясының» қазіргі лидердері «Рома» мен «Ювентус»  кездесті. Соңғы екі жылда екеуі де бір-бірден финалға шыққан. Алдыңғы жылы «Ювентус» финалда «Наполиге» жол берсе, римдіктер өткен жылы жерлестері «Лациодан» жеңілген. «Ювентус», тіпті, соңғы 20 жылда бұл кубокті еншілемеген. Бір қарағанда, бұл кубоккті жеңуге Конте бар күшін салуы керек. Бұған жағдай да бар. «А Сериясында» алдыңғы демалыста соншалықты маңызды ойын емес. Чемпиондар Лигасынан да жарыс жолын тоқтатты. Бірақ, Андре Контенің ойын түсініп болмайды. Алаңға екінші сапты шығарды десек те болады. Қақпада Сторари, Погба жоқ, Тевес, Льоренте сияқты сұрменгендер ойынның аяқ жағында шықты. «Рома» бірінші минуттардан соңғы минуттарға дейін ойын тізгінің қолында ұстады. 70 мың жанкүйердің алдында үятқа қалмауды ойлаған Руди Гарсия шәкірттері, біразға дейін саңылау таба алмады Сторари қақпасынан. Стротман пасынан кейін, өкшесімен гол салған Жервинью маңызды жеңісті өз командасына еншіледі. Чемпионаттағы ойсырай жеңілісі үшін, «Рома» есе қайтарды «кәрі синьорадан», бірақ толықтай емес, әрине. Жартылай финалда Рома, Лацио немесе Наполимен кездесетін болады.    Италия кубогі, 1/4 финал. 21 қаңтар. Рим. "Олимпико" стадионы Рома - Ювентус - 1:0 (0:0). Гол: Жервиньо, 79 (1:0). Рома: Де Санктис, Майкон, Бенатиа, Кастан, Торосидис, Найнгголан, Де Росси, Стротман, Флоренци (Пьянич, 75), Тотти (Ляйич, 83), Жервиньо. Ювентус: Сторари, Касерес, Бонуччи, Кьеллини (Огбонна, 46), Исла, Видаль, Пирло, Маркизио, Пелузо (Тевес, 81), Джовинко (Льоренте, 77), Квальярелла.     Дайындаған : Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров