Жарнама
Жарнама

«Рома» Жозе Моуриньоның сүйікті футболшысын қатарға қоспақ

06.06.2022, 17:48
Жозе сербиялық футболшымен бірге екі клубта жұмыс жасаған.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушы Неманья Матич мансабын «Ромада» жалғастырады, деп хабарлайды журналист Николо Скира.

Дереккөздің хабарлауынша, 33 жастағы сербиялық футболшы римдік клубпен 1+1 жүйесі бойынша келісім-шартқа отырады.

Матич «Манчестер Юнайтедте» 2017 жылдың шілдесінен бері ойнап келеді. Өткен маусымда футболшы «қызыл сойқандар» үшін 32 матчқа қатысып, 4 нәтижелі пас берді. Маусым айының соңында Неманьяның манкуниандық клубпен келісім-шарт мерзімі аяқталады.

Айта кетейік, «Романың» бас бапкері Жозе Моуриньо бұған дейін «Челсиде» және «Манчестер Юнайтедте» Матичпен бірге жұмыс істеген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров