Жарнама
Жарнама

Роман Абрамович «Челси» клубын сататынын мәлімдеді

03.03.2022, 18:34
Ресейлік миллиардер клубты 3 миллиард еуроға сатқысы келеді.
Жарнама
Жарнама

Ресейлік кәсіпкер Роман Абрамович «Челси» футбол клубын сату туралы шешім қабылдады.

«Мен соңғы бірнеше күн бойы «Челси» футбол клубының меншігіне қатысты айтылып жүрген болжамдарға жауап бергім келеді. Мен әрқашан клубтың мүддесі үшін шын жүректен шешім қабылдадым. Қазір клубты сату туралы шешім шығардым, яғни бұл клубтың, жанкүйерлердің, қызметкерлердің, демеушілердің және серіктестердің игілігі үшін жасалды деп ойлаймын.

Клубты сатуға асықпаймын, барлығы уақыты келгенде орындалады. Мен үшін бұл клуб бизнеспен де, ақшамен де байланысты болған емес. Оның үстіне мен өзімнің командама сатылымнан түскен пайдаға қайырымдылық қорын құруды тапсырдым. Қор Украинадағы соғыстан зардап шеккендердің игілігі үшін жұмыс істейтін болады. Тез арада көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетіледі және оларға әрі қарай да қолдау көрсетіледі.

Бұл өте қиын шешім екенін біліңіз және клубтан кету маған ауыр тиді. Дегенмен, бұл клуб үшін ең жақсы шешім деп ойлаймын.

Мен барлығымен қоштасу үшін «Стэмфорд Бриджге» соңғы рет бару мүмкіндігіне ие боламын деген үміттемін. «Челси» футбол клубының бір бөлігі болу үлкен мәртебе және мен біздің ортақ жетістіктерімізді мақтан тұтамын. «Челси» және оның жанкүйерлері әрқашан менің жүрегімде сақталады. Сіздерге үлкен рахмет!» - деді Абрамович.

Айта кетейік, ресейлік миллиардер бұған дейін жалпы құны 2,5 миллиард еуроны құрайтын ұсыныстан бас тартты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров