Жарнама
Жарнама

Роман Григорчук: «Мен "Астанамен" өте жоғары жетістіктерді бағындыратыныма сенемін»

01.03.2019, 21:15
Жарнама
Жарнама

«Астана» футбол клубының бас бапкері Роман Григорчук команда құрамына қайта оралғаннан кейін алғаш рет журналистермен кездесіп, алдағы ҚР Суперкубогы үшін өтетін «Қайратқа» қарсы кездесу туралы және алдағы маусымға команданың дайындығы жайлы айтып берді:

— Команда қатырана қайта оралуыңызды түсіндіп берсеңіз...

— Мен команда қатарына қайта оралғаныма өте қуаныштымын.  Бұл жердегі адамдармен менің қарым-қатынасым өте жақсы. Сол ерекше сыйластық үшін барлығына алғыс айтамын. Менің кетуімнің себебі? Бұл артта қалған оқиға. Сондықтан, бұл сұраққа қайта оралғым келмейді. Керісінше бізге ілгері қадам жасау қажет. Бізді алда жақсы дүниелер күтіп тұр.

— Маусымаралық үзіліс кезіндегі клубтың жасаған селекциялық жұмысы көңіліңізден шықты ма?

— Мен ешқандай теріс пікір білдіргім келмейді. Футболда барлығы әртүрлі болуы ықтимал. Біздің команда құрамынан кеткен ойыншылардың барлығының орны ерекше болған еді. Дегенмен, біз бұл туралы көп айтып, ешкімге кінә арта алмаймыз. Футболшылардың өмірі осындай. Біз команданы толық құрамда жасақтау үшін барынша тырыстық. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Қазіргі команда құрамындағы бар барлық ойыншыларға толықтай көңілім толады. Мен олармен бірге өте жоғары жетістіктерді бағындыратыныма сенемін.

— Команданың ойын мәнері өзгерді ме?

— Мен маған дейінгі қызмет атқарған бапкерлердің жұмысына пікір білдіргім келмейді. Менің өз көзқарасым бар. Атап айтарлықтай ешқандай өзгеріс орын алмайды. Біздің ойынымыз жан-жақты болуы тиіс. Команда алаңда допқа ғана емес, ойынға да иелік етуі қажет. Ал бұл біздің қазіргі таңда енгізіп жатқан ойын жүйемізсіз мүмкін емес. Біз әрдайым барлығын жақсартуға ұмтылуға тиіспіз. Ал осының барлығын жетілдіру жолында көптеген қиындықтар болатыны сөзсіз.  

—Лука Шимуновичтің артықшылықтарына тоқтала кетсеңіз?

— Лука Шимунович — әлеуеті өте жоғары, жас футболшы. Менің ойымша, ол тез үйреніп, жетіле алады. Бұл маңызды. Ол қазір бірден негізгі құрамның ойыншысы атанып, командаға көмек қолын созатын деңгейде емес. Алайда, ол болашақта өзін жетілдіретін болса, барлығы жақсы болуы тиіс. Біз оның ашылуына мүмкіндік береміз және оған сенеміз. Ал Лука өз кезегінде  «Астанаға» тамаша көмекші болады деген ойдамыз.

— Орталық алаңдағы қиындықты қалай шешу жоспарыңызда бар?

— Біріншіден, біз алаңның ортылық бөлігіне Юрий Логвиненконы қолданып жатырмыз. Ол бұл позицияда өте мықты екендігін дәлелдей білді. Біздің оған деген сеніміміз жоғары. Алайда, қайталап айтайын, біз әлі де селекциялық жұмыстарды аяқтаған жоқпыз. Біз команда құрамын күшейтуге қауқарлы футболшыларды іздеп жатырмыз. Оның ішінде жартылай қорғаушылар да бар.

— Еркебұлан Сейдахмет — «Астана» құрамын күшейте алар ма еді?

— Біз бұл ойыншының талантты екенін жақсы білеміз. Ол өзінің талантын толығымен ашқан жоқ. Шет елден келетін футболшыларға ішкі біріншілікте лимит болғандықтан, оған кез-келген команда мұқтаж. Ал бізге келер болсақ, мен бұл мәселеге қатысты пікір білдіре алмаймын. Мен командамның сапында талантты ойыншылардың көптеп болғанын қалаймын. Олардың жергілікті футболшылар болғаны өте маңызды.

— «Қайратқа» қарсы өтетін Суперкубок жолындағы ойыннан не күтесіз?

— «Қайрат» өткен жылмен салыстырғанда өте қатты өзгерді. Жаңа бапкер, ойын жүйесі де басқаша. Бұл мүлде басқа «Қайрат». Дегенмен, біз алматылық ұжымға қарсы қалай ойнау керек екендігін өте жақсы білеміз. Ал нақты ойынның қалай боларын болжау қиын. Себебі, екі команда да өзгеріске ұшырады. Сөзбен айту оңай, іс жүзінде барлығы басқаша болуы мүмкін. Алайда, бұл титулды жеңіп алу екі команда үшін де өте маңызды. Ал ойын жанкүйерлердің көңілінен шығады деген ойдамын.  

— Кабананга өзінің бабын тауып үлгерді ме?

— Ол үшін өткен маусым оңай болған жоқ. Жуниордың қазіргі жасап жатқан жұмысына толықтай көңілім толады. Ол бұрынғы бабын тауып келе жатыр. Алдағы бірнеше ойыннан кейін, ол тас-түйін дайын болуы тиіс. Оның қазіргі көрсетіп жатқан ойыны мені толықтай қанағаттандырады. Оған қатысты ешқандай мәселе жоқ. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров