Семейлік "Елімай" футбол клубы тәжірибелі шабуылшы Роман Мұртазаевпен арадағы ынтымақтастықты жалғастыратынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.
32 жастағы футболшы жаңа келісімшартқа қол қойып, команда сапында қалатын болды.
Қарағанды футболының түлегі саналатын Романның мансабы айтулы белестерге толы. Ол осы уақытқа дейін отандық және шетелдік бірнеше белді клубтарда доп тепті:
Мұртазаев — Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Сонымен қатар, ол ел намысын халықаралық деңгейде қорғап, ұлттық құрама сапында 25 матч өткізіп, 3 гол соққан.
Өткен маусымда Роман "Елімайдың” шабуыл шебіндегі негізгі күштің біріне айналды. Оның көрсеткіштері көңіл қуантарлық.
26 матч, 7 гол, 1 нәтижелі пас.
Біздің серіктес: FONBET