Жарнама
Жарнама

Роман Мұртазаев: «Маған Еуропадан да ұсыныстар түсті»

23.02.2021, 20:07
Футболшы өткен жылы «Тобыл» сапында өнер көрсетті.
Жарнама
Жарнама

Бұған дейін "Астана" сапында 130-дан астам ойын өткізіп, 26 гол соғып, клуб тарихындағы үздік шабуылшылардың біріне айналған Роман Мұртазаев елордалық команда сапына қайта оралды. Роман "Астананың" баспасөз қызметіне берген сұхбатында өзінің елордалық командаға қайтып келуі туралы айтып берді:

- Мен "Астана" командасына оралғаныма қуаныштымын, мұнда менің мансабымның өте қызықты әрі жемісті үш жылы өтті. Бұл ретте, мен және менің отбасым клубта да, қалада да өзімізді өте жайлы сезіндік, мен клуб жанкүйерлерінің қолдауын әрдайым сезіндім. Мен клубқа дәл осы жылы сезімдердің әсерінен оралдым.

- Сізге басқа да елден ұсыныстар түсті ме?

- Маған Қазақстаннан да, Еуропадан да ұсыныстар болды, бірақ олар туралы айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын, өйткені мен осындамын. "Астанаға" келуімнің басты себептерінің бірі - команданың бас бапкері тарапынан маған жеке қызығушылықтың болуы. Андрей Валерьевич маған қоңырау шалып, командаға келіп, осы маусымда көмектесуімді сұрады. Сондай-ақ мен үшін "Ертісте" бірге ойнаған Давид Лорияның осы командада болуы да маңызды рөл атқарды. Ол әрдайым жоғары мақсатқа қол жеткізетін және нағыз көшбасшы футболшы болды, оның бұл қасиеттері әлі де бар және мұның мансабының соңына дейін сақталатынына сенімдімін.

- "Астанада" қандай мақсаттарға қол жеткізгің келеді?

- Алдымен, негізгі құрамда ойнағым келеді және өз ойыныммен командаға көмектескім келеді. Егер "Астанада" ойнайтын болсам, онда, әрине, Қазақстан ұлттық құрамасы сапына қайта оралғым келеді, мен үшін ол әрдайым мақтан тұтатын басты команда. Мен әлі де жаттығып, мүмкіндігінше көбірек ойнауым керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров