Жарнама
Жарнама

Роман Мұртазаев өзі түлеп ұшқан клубқа қайта оралмақ

16.07.2021, 18:18
«Астана» Романның орнына Фатос Бечирайды алды.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Астана" шабуылшысы Роман Мұртазаев "Шахтердің" ұсынысын қабыл алып, өзінің туған клубына қайта оралады.

"Шахтер" Мұртазаевты қыста алғысы келген еді. Бірақ "Астана" қарағандылық клубтың алдын орап кетті. Роман елоидалық клуб сапында керемет ойын өрнегімен көзге түсе алмады: ол үшін маусым Суперкубок финалындағы сәтсіз пенальтиден басталды және командада Абат Айымбетов пайда болғаннан кейін қосалқы құрам ойыншысы атанды. Десе де, Роман 18 матчқа қатысып, 4 гол соқты.

Командаға черногориялық шабуылшы Фатос Бечирайдың келуі және Айымбетовтің маусым соңына дейін "Астанада" қалатыны Мұртазаев үшін жақсы жаңалық емес, сондықтан ол "Шахтердың" ұсынысын қабылдайтын болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров