Жарнама
Жарнама

Роман Мұртазаевтың командасы жаңа бас бапкер тағайындады

03.10.2021, 15:39
Калининградтық клуб 17 ұпаймен он екінші орында тұр.
Жарнама
Жарнама

42 жастағы ресейлік маман Сергей Игнашевич «Балтиканың» бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды калининградтық клубтың баспасөз қызметі.

«Біздің клуб Сергей Игнашевичпен еңбек келісім-шартына қол қою туралы келісімге келді. 42 жастағы маман біздің команданың жаңа бас бапкері болады», - деп жазылған клубтың хабарламасында.

Калининградтық клуб пен Сергей Игнашевич арасындағы келісім-шарт 2022/2023 маусымның соңына дейін есептелген.

Игнашевич бұған дейін бас бапкер болған Евгений Калешинді алмастырды, ол «Текстильщиктен» (2:3) жеңілгеннен кейін қызметінен кеткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының шабуылшы Роман Мұртазаев «Балтикада» ойнап жүр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров