Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Роман Муртазаев мансабын ҚПЛ-де жалғастыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.
27 жастағы шабуылшы "Астанаға" оралуға жақын. Алдағы уақытта ойыншы елордалық команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылуы керек.
Муртазаев "Астана" сапында 2017-2019 жылдар аралығында ойнаған болатын. Одан кейін футболшы "Тобылда" өнер көрсетті және қостанайлық клубпен бірге Премьер-лиганың вице-чемпионы атанды.
Муртазаев өткен маусымда 17 матч өткізіп, екі гол соқты, бір нәтижелі пас берді. Бұған дейін Муртазаевқа шетелдік клубтардың (Ресей мен Венгрия), сондай-ақ "Ақтөбе" мен "Шахтердің" қызығушылық танытқаны туралы хабарланған болатын.
Біздің серіктес: FONBET