"Романың" үш футболшысы коронавирус жұқтырды.
Football Italia басылымының хабарлауынша, инфекция қорғаушылар Федерико Фасио мен Давиде Сантона және жартылай қорғаушы Лоренцо Пеллегриниден анықталған. Лоренцода ауру симптомсыз өтуде.
Бұған дейін COVID-19-ды "Рома" шабуылшысы Эдин Джеконың жұқтырғаны белгілі болған еді. Жартылай қорғаушы Амаду Диавара мен қорғаушы Риккардо Калафьоридің де сынақтары оң нәтиже берді, бірақ олар жеке жаттығуларын бастап та кетті.
Жеті турда 14 ұпай жинаған "Рома" А сериясының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET