29 жастағы «Челси» мен Бельгия құрамасының шабуылшысы Ромелу Лукаку мансабын «Интерде» жалғастырады. Миландық клуб бонустарды есептемегенде футболшыны 10 миллион еуроға жалға алмақшы. Бұл туралы журналист Бен Джейкобс хабарлады.
Дереккөздің айтуынша, «Челси» «Интермен» ойыншы алмасу туралы келіссөздер жүргізуге тырысты, бірақ италиялық клуб келісімге Шкриньяр, Бастони және Лаутаро Мартинесті қосудан бас тартты.
Лукаку өткен жазда «Интерден» Челсиге ауысып, бес жылдық келісім-шартқа қол қойған еді. Transfermarkt мәліметі бойынша, ауысым құны 113 миллион еуроны құрады.
Өткен маусымда шабуылшы «Челси» үшін 42 ойынға қатысып, 15 гол соқты, 5 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET