Жарнама
Жарнама

Ромео Вермант: “Қайратқа” қарсы ойын біз үшін өте маңызды”

Бүгін, 02:55

"Брюгге" шабуылшысы Ромео Вермант Чемпиондар лигасы аясында өтетін "Қайратқа" қарсы ойын алдында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Жас шабуылшы алдағы матчтың маңыздылығына тоқталып, Бельгиялық ұжымның Астанаға тек жеңіс үшін келгенін аңғартты.

Верманттың айтуынша, қатарынан екі рет жеңілу "Брюгге” секілді деңгейі жоғары клубқа тән емес. Сондықтан ертеңгі ойынның салмағы бөлек.

"Қатарынан екі рет есе жіберу — біздің клубтың ұстанымына жат нәрсе. Сол себепті ертеңгі кездесу біз үшін ерекше маңызға ие. Оның үстіне, турнир кестесінде үздік 24 команданың қатарына енуді көздеп отырмыз. Осы мақсатқа жету жолында бұл матчтың орны бөлек, біз барымызды салуға дайынбыз.” — деді шабуылшы.

Футболшы үшін Астана қаласының орны ерекше екен. Ол осы стадионда Бельгия ұлттық құрамасы сапында алғашқы ойынын өткізгенін еске алды. Дегенмен, Ромео бұл жолғы матчтың мүлдем басқа деңгейде өтетінін түсінеді.

Вермант "Қайраттың" қорғанысы мен тактикалық сауаттылығын жоғары бағалады.

"Біз өте ұйымдасқан командаға қарсы ойнаймыз. Егер алаңда 100 пайыз күш-жігерімізді көрсетпесек, кеш біз үшін ауыр болуы мүмкін.” — деп түйіндеді ол.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров