Жарнама
Жарнама

Рональд Куман 12 матчқа шеттетілуі мүмкін

25.10.2020, 23:17
Куман ойыннан кейін төрешілерді сынға алған еді.
Жарнама
Жарнама

"Барселонаның" бас бапкері Рональд Куман "Реал Мадридпен" өткен Ла Лиганың 7-тур ойынындағы (1:3) төрешілерді сынағаны үшін ұзақ уақытқа ойыннан шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды Sport.es.

Естеріңізге сала кетейік, кездесуден кейін Куман матчтағы төрешілердің барлық шешімдерін "Барселонаға" қарсы қабылданғанын атап өтті. Дереккөздің айтуынша, егер маманға қатысты шағым лиганың тәртіптік комитетіне жіберілсе, іс басталады.

Тәртіптік кодекске сәйкес, төрешілердің адалдығы мен бейтараптығына күмән келтіргені үшін Куман 4-тен 12 матчқа дейін дисквалификациялануы мүмкін, сондай-ақ 3000 еуроға дейін айыппұл салынады.

Мадридтік "Реал" 13 ұпай жинап, Ла Лига кестесінде бірінші орынға шықты. "Барселона" (7 ұпай) - 10 орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров