Жарнама
Жарнама

Рональд Куман Барселонада жүр

17.08.2020, 15:17
Куман Еуропа чемпионатынан кейін ғана «Барселонаға» келетінін мәлімдеген еді.
Жарнама
Жарнама

Нидерланды құрамасының жаттықтырушысы Рональд Куман Барселона әуежайында көзге түсті, деп хабарлайды Marca.

Куман - «Барселона» бас бапкеріне үміткерлердің бірі. Бұған дейін каталондық клубтың президенті Хосеп Бартомеу тәлімгер Энрике Сетьеннің командадан кететінін мәлімдеген болатын. Спорт директоры Эрик Абидаль да Сетьенмен бірге клубтан кетуі мүмкін. Абидаль Чемпиондар лигасының ширек финалындағы "Баварияға" қарсы жеңілістен (2:8) кейін де жаттықтырушыны қолдайтындықтан, қызметінен босатылуы мүмкін.

2019 жылдың күзінде Рональдтың Корольдік Нидерланды футбол одағымен келісімшартында, егер ол "Барселонадан" ұсыныс алса, тек Еуро-2020-дан кейін қызметінен кетуге мүмкіндік беретіні туралы ереже бар екені белгілі болды.

Футбол мансабында Куман 1989 - 1995 жылдар аралығында "Барселонада" ойнады. 1998-2000 жылдары Куман Каталониялық клубының жаттықтырушылар құрамында көмекші болып жұмыс істеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров