Нидерланды құрамасының бас бапкері Рональд Куманның әйелі Бартина Куман өзінің күйеуі екеуінің коронавирус жұқтырғанындығы жайлы айтты.
Еске салсақ, 3 мамырда Куман жүрек ақауына байланысты ауруханаға түскен болатын. Маман инфаркттан бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырған екен.
«Біздің коронавирусты тексерудің нәтижелері теріс болды, бірақ кейіннен бізге қан анализін жасап, антиденелер табылды. Күйеуім өзін жақсы сезінгеннен кейін велосипедке мініп, достарымен бірге жүрді. Кейін Рональд үйге оралып, өзін нашар сезінді. Мен бұл жүрекке қатысты мәселе екенін бірден түсіндім, өйткені Рональдтың әкесі мен ағасы жүрек ауруынан қайтыс болды. Электрокардиограмма оның инфарктпен ауырғанын көрсетті», - дейді Бартина Куман Voetbal International арнасына берген сұхбатында.
Одан бөлек, Рональд Куман ауруханаға түсерден алдын 96 км жерді велосипедпен жүріп өткен. Әрі жүрек ауруына ұшыраған, әрі короновирус инфекциясын жұқтырған Куманның жазылып кетуін тілейміз!
Біздің серіктес: FONBET