"Барселонаның" бас бапкері Рональд Куман шабуылшы Лионель Мессидің "Осасунамен" болған Испания чемпионатының 11-тур матчында (4:0) алған сары қағазын жою керек деген пікір білдірді.
Еске сала кетейік, Месси осы кездесуде бір гол соқты. Аргентиналық шабуылшы қарсылас қақпасына гол соққаннан кейін, аты аңызға айналған футболшы Диего Марадонаны еске алу үшін Аргентиналық "Ньюэллс Олд Бойз" клубының 10 нөмірлі жейдесін көрсетті. Екі ойыншы да кезінде осы клубта өнер көрсеткен.
"Біз сары қағаз қағидасының бар екенін білеміз. Бірақ біз Мессидің бұл ишарасы Марадонаға деген құрмет екенін де білеміз. Бұл маған байланысты емес, бірақ мен сары қағаз көрсетпес едім", - деді Куман Goal.com басылымына берген сұхбатында.
Біздің серіктес: FONBET