Жарнама
Жарнама

Роналдиньо болмаса, Бруну Фернандеш жұлдыз болар ма еді?

14.09.2025, 15:00

"Манчестер Юнайтедтің" капитаны Бруну Фернандеш балалық шағындағы футбол кумирін атады. Оның айтуынша, Роналдиньо футболға деген сүйіспеншілігін оятқан алғашқы тұлға болған.

Жарнама
Жарнама

"Роналдиньо менің футболдағы алғашқы махаббатым. Ол адамдарды футболды сүйіп көруге мәжбүр етті. Оның әр ойынын тамашалау – ерекше қуаныш еді. Әрқашан жүзінде күлкі, доппен керемет әрекеттер, ерекше техникасы – мұның бәрі маған шабыт сыйлады. Жас ойыншы ретінде мен дәл осыны көруді қаладым, допты алған сәттегі шеберлігі мен таланты маған керемет әсер қалдырды.” – деді Фернандеш EuroFoot-қа берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров